«Қазгидромет» мамандары 2026 жылғы көктемде Қазақстанда ауқымды су тасқыны болу қаупі жоғары екенін ескертті. Орталық директоры Марина Шмидттің айтуынша, алдағы қыстың ерекшеліктері су тасқыны кезеңінің қалыптасуына қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін.
«Қалың жауын-шашынның түсуіне және жылымық пен суықтың жиі алмасуына байланысты қар жамылғысында және топырақта мұзды қабық түзіледі. Бұл 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне теріс әсер етуі мүмкін», — деді Шмидт.
2024 жылғыдай ауқымды су тасқынының қайталану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, ол мұндай қауіптің бар екенін айтты.
«Қалың жауын-шашын мен қайталанатын суық ауа райы су тасқынының өтуіне кері әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе орталық және солтүстік Қазақстанға, сондай-ақ шығыс өңірге қатысты», — деді маман.
Су тасқыны жағдайына неғұрлым нақты баға келесі жылдың басында белгілі болады. 1 ақпанда гидрологтар алдын ала болжамды, ал наурыздың басында — негізгі болжамды жариялайды, кейін ол апта сайын жаңартылып отырады.
Шмидт сондай-ақ өткен жылдан бері «Қазгидромет» әр облыс бойынша жеке гидрологиялық болжамдар жасап, температураны, жауын-шашынды және аудандық деңгейдегі су тасқыны қаупін көрсететінін атап өтті.