Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Министр Айдарбек Сапаров 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылда рекордтық жыл болғанын атап өтті: саланың жалпы өнімінің көлемі 13,7% артып, 8,3 трлн теңгеге жетті.
«Егіс жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады, жеңілдетілген лизингке қосымша 200 млрд теңге қарастырылады», — деп атап өтті министр.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді. Шаруалар 1,3 млн тонна минералды тыңайтқыштар енгізді, бұл 2023 жылғы деңгейден 2 есеге артық, суарудың су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің ауданы 5 есе ұлғайды.
Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі шеңберінде 2024 жылы фермерлер 22,1 мың техника сатып алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,5 мың бірлікке артық.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту бойынша Жол картасын іске асыру бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданды. Алайда өңірлерде 80% ғана жұмыс орындалған.
Саланы дамытудың 2025 жылға арналған міндеттерінің қатарында — көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу, егіс алқаптарының құрылымын нақты әртараптандыру. Минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу, техниканы 6,5%-ға дейін жаңарту жоспарлануда.
«Үкімет экономиканың 7% өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет қойды, олардың басым қаржыландыруымен қосылған құны анағұрлым жоғары салаларды дамытуға баса назар аударылды. Азық-түлік өндірісінің өсуі 4,5% деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс. Саладағы еңбек өнімділігін арттыруға, АӨК-дегі қайта өңдеу үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 9,0 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар нақты шаралар қабылданатын болады», — деді вице-министр Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар, 2025 жылы 31 сүт-тауар фермасы және ет бағытындағы 9 құс фабрикасының құрылысы басталатыны айтылды.
Вице-министр Аманғали Бердалин мал шаруашылығының дамуы туралы баяндады. Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі 3,6% өсіммен 3,3 трлн теңгені құрады. 4,3% өсіммен барлық түрдегі 1,2 млн тонна ет, 4,4% өсіммен 3,6 млн тонна сүт өндірілді. Өндірілетін өнім көлемі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мәселен, 22,1 мың тоннадан астам сиыр еті (өсімі 1,5 есе), 17,6 мың тонна қой еті (өсімі - 2,2 есе) экспортталды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есе ұлғайту бойынша 2023-2024 жылдары 86 СТФ құрылысы қаржыландырылды, 39 пайдалануға берілді, 47 жобаны іске асыру жалғасуда. 2025 жылы өңірлерде өндіріс көлемі 139,5 мың тонна болатын кемінде 31 СТФ 2026-2027 жылдары енгізілуі жоспарланған.
Құс фабрикаларын салу және етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибені енгізу жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы қуаттылығы жылына 15,9 мың тонна ет бағытындағы 6 құс фабрикасы іске қосылды. Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарының әкімдіктерімен жобаларды іске қосу қамтамасыз етілмеген.
2025 жылға арналған австралиялық тәжірибені енгізу бойынша жұмыс шеңберінде 10 жоба айқындалды, таяудағы екі жылда 98 мың бас ІҚМ-ге 6 бордақылау алаңын, 50 мың бас ұсақ малға арналған ірі бордақылау кешенін және бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда. Осыған байланысты жемшөп өндірісінің жол картасы өзектендірілді.
Отандық жылқы тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, бұл Қостанай тұқымының популяциясын жандандыруға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық қадағалау саласындағы жұмыстың қорытындысы баяндалды. Соңғы үш жылда ауру ошақтарының 49,1% төмендеуі байқалды. Өңірлерде 223 ветеринариялық нысан салынды. Алайда, жеті облыста бірде-бір ветеринарлық пункт салынбаған. 2025 жылы 546 жаңа нысан салу және 20 инсенератор сатып алу жоспарлануда.