2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 626 базар тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 бірлікке кем. Жалпы соңғы бес жылда базар саны 18,2% қысқарған (2019 ж. – 765 бірлік).
Базарлардың 69,2% қалалық жерлерде орналасқан.
Базар саны Түркістан облысында ең көп – 106, Ақтөбе облысында – 57 және Алматы облысында 56-сы тіркелген. Базар санының ең азы Ұлытау облысында – 7 бірлік.
Мәмілелер көлемі бойынша базарлардың 584 бөлшек, 42 – көтерме саудамен айналысады. Сондай-ақ базардың 333-і жабық жайда орналасқан.