Ұлттық банктің 2025 жылғы қаржылық тұрақтылық жөніндегі есебі автонесиелеу нарығындағы тәуекелдердің күшейгенін көрсетті. 2024 жылы автонесиелер бойынша проблемалық қарыздардың үлесі артқан.

Портфельдің жылдам өсуі және тәуекелдер

Ұлттық банк сарапшыларының айтуынша, соңғы жылдары автонесиелердің белсенді өсуіне бірнеше фактор ықпал етті: банктер мен автосалондардың агрессивті маркетингі; қарыз алушыларға қойылатын талаптардың жұмсаруы; жеңілдетілген бағдарламалардың сұранысты ынталандыруы. Нәтижесінде нарықтағы автонесиелер портфелі ұлғайғанымен, оның сапасы төмендеген.

Қай жылдарда проблемалық қарыз көп?

NPL90+ (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер) негізінен 2021–2023 жылдары берілген қарыздарға тиесілі.

2023 жылғы автонесиелер бойынша – 67,1 млрд теңге проблемалық берешек;

2022 жылғы қарыздар бойынша – 35 млрд теңге;

2021 жылғы несиелер бойынша – 16 млрд теңге.

Бұл көрсеткіш автонесиелеу нарығында соңғы үш жылда жинақталған тәуекелдің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

Айта кетсек, айлық табыс жетпесе де енді банктер автонесие мен ипотека бере беретінін хабарлаған едік. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында автонесие нарығы бөлшек сегменттің ең серпінді бағытына айналды. Биыл автонесие 53% көбейіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.