Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиесі 2026 жылғы ақпанда халыққа берілетін несиенің өсуі есебінен 0,4% ұлғайып, 40,2 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютада берілген кредиттер 0,6%, 36,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте шетел валютасында берілген несие, теңге бағамының нығаюына байланысты 3,7 трлн теңгеге дейін 1,4% азайды. Теңгедегі несие үлесі 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 0,1 пайыздық тармаққа ұлғайып, 90,8%-ды құрады.
2026 жылғы ақпан ішінде екінші деңгейдегі банктер барлығы жаңа 3,0 трлн теңгеге нксие берді, бұл 2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда 1,4% көп.
Бизнес субъектілеріне берілген нксие 2026 жылғы ақпанда 15,2 трлн теңгеге дейін 0,3% ұлғайды. Бизнеске берілген несие құрылымында негізінен осы санаттар арасындағы банктердің бірінің қарыздарын қайта жіктеу нәтижесінде ірі бизнеске қарыздар 4,7 трлн теңгеге дейін 13,1% төмендеді, ШОБ субъектілеріне 7,4 трлн теңгеге дейін 10,9% ұлғайды. ЖК-ға берілген несие 2026 жылғы ақпанда 3,1 трлн теңгеге дейін 1,2% өсті.
2026 жылғы ақпанда салалар бойынша көп бағытты серпін байқалады: саудаланатын секторда — төмендеу, ал саудаланбайтын секторда — өсім. Өнеркәсіптегі несие 2,5%, 4,9 трлн теңгеге дейін, құрылыста — 2,0%, 0,8 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында — 3,2%, 0,4 трлн теңгеге дейін азайды. Бұл ретте сауда саласындағы несие 2,4%, 4,2 трлн теңгеге дейін, көлік саласында — 2,8%, 0,9 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс саласында — 3,4%, 0,2 трлн теңгеге дейін және басқа да қызмет көрсету салаларында — 2,2%, 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыз берудің 49,8% ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,2% көп.