ҚазМұнайГаз 2023 жылы 8,3 трлн теңге табыс тапты

ҚазМұнайГаз 2023 жылы 8,3 трлн теңге табыс тапты

2023 жылдың қорытындысы бойынша, алдын ала мәліметке сай, «ҚазМұнайГаз» АҚ 23,5 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді.

Мұнай тасымалдау көлемі 80,3 млн тоннаны құрады, МӨЗ-де 18,5 млн тонна мұнай өңделді.

Компанияның өткен жылғы табысы 8,3 трлн теңгеден асты.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарын қалпына келтіру бойынша, озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдануға басымдық беретін жоба қолға алынды.

Рожковское, Шығыс Өріктау және Оңтүстік Ақсай газ кен орындарында өндіру іске қосылды.

2023 жылы үш инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды:

  • «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңарту және кеңейту;
  • Қашаған кешенді газ тазарту қондырғысында су құбырының құрылысы;
  • Дедвейті 8 мың тонна екі мұнай танкерін сатып алу.

Келесі жобаларды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда:

  • Павлодар мұнай-химия зауытында сұйытылған көмірсутек газдарын тазарту қондырғысын салу;
  • 5-ші газды кері айдау компрессорын орнату жобасы («ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС);
  • Румынияда ЖЭО құрылысы («KMG International» ЖШС).

Сонымен қатар, отырыста ҚМГ тиімділігін арттыру және дамыту бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.