Қазақстандықтар айына ішімдікке орташа есеппен 1 доллар жұмсайды

Қазақстандықтар айына ішімдікке орташа есеппен 1 доллар жұмсайды

Еуразиялық экономикалық одақтағы алкоголь тұтыну құрылымы қарама-қайшы сипат алып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем бойынша ересек адам жылына орта есеппен 5 литр таза спирт тұтынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш алғаш рет жаһандық деңгейден асып, 5,4 литрге жетті.

Акциздер және реттеу саясаты

Қазақстан араққа ең төмен акциздердің бірін ұстап отыр – литріне 4,9 доллар. Мұндай саясат бюджет кірісін шектегенімен, экспортты ынталандырады. Дегенмен, сала қатаң бақыланады: алкоголь жарнамасы 2004 жылдан бері тыйым салынған, сату жасы 21-ге көтерілген, ал 2013 жылдан бері акциздер 400% өсті. Салыстырар болсақ, Ресейде акциз мөлшері 8,2 доллар болса, Арменияда шамамен 10 долларға жетеді.

Тұтыну шығындары

2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар алкогольге орташа есеппен 3 доллар жұмсады. Бұл жалпы шығындардың небәрі 0,6%-ын құрайды. Халық саны 20,4 млн адамды құрайтынын ескерсек, қазақстандықтар жылына шамамен 250 млн долларды алкогольге шығындайды.

Импорт пен экспорттың ара салмағы

Қазақстанда импорт үлесі айтарлықтай жоғары. Кейінгі бес жылда арақ сатып алу көлемі 46% өсті. Виски импорты екі есе артса, шампан мен шарап көлемі 2,2 есе көбейді. Ал экспортта тұрақсыздық байқалады: 2022 жылы күрт өссе, 2024 жылы төмендеген. Соған қарамастан ұзақ мерзімде экспорттық табыс 2,3 есе артқан.

Негізгі тәуекелдер

Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы басты мәселе – көлеңкелі сектордың ауқымы. Қазақстандағы арақ нарығының шамамен 40%-ы заңсыз айналымда, ал жалпы алкоголь өнімдерінің төрттен бірі контрафакт саналады. Бұған қоса, ЕАЭО ішінде сауда теңсіздігі бар: импорт артып, экспорт төмендеп жатыр. Әсіресе Ресей мен Беларусь бағытындағы жеткізілімдер азайған.