Alatau City Bank пен Binance Kazakhstan президенттің Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына сапары кезінде QR-код арқылы тауар үшін алғашқы тест төлемін жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Процесс өте қарапайым: сатып алушының ақшасы Binance-тегі криптошотынан шегеріледі, ал сатушы төлемді бірден теңгемен алады. Яғни бизнеске криптовалютаны тікелей қабылдаудың қажеті жоқ.
Жоспар бойынша, мамыр айында криптовалюта арқылы офлайн нүктелерде — мысалы, кофеханаларда, қонақүйлерде немесе мейрамханаларда төлем жасауға болады.