Мұнай құны күрт құлдырап, 100 доллардан төмен түсіп кетті

Мұнай құны күрт құлдырап, 100 доллардан төмен түсіп кетті

Мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім күтілуіне байланысты күрт төмендеді. Астана уақытымен 16:25-те Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 97,90 доллар болды.

Бүгін Астана уақытымен таңертең сағат 09:00-де қара алтын 108 доллар айналасында саудаланған еді.

Осылайша, бір тәулікте баға 10,84%, бір аптада 8,50%, бір айда 1,61% арзандап отыр.

Бағаның құлдырауына АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді уақытша сүйемелдеуді тоқтататыны туралы мәлімдемесі әсер етті. Бұл шешімді ол Иранмен жан-жақты келісім бойынша келіссөздердегі ілгерілеумен байланыстырды. Сонымен қатар АҚШ Иран порттарына қойылған блокаданың сақталатынын атап өтті.