Мұнай қайтадан 100 доллардан асты

Мұнай қайтадан 100 доллардан асты

Апта басында мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің әлі шешім таппауы салдарынан қайта қымбаттады.

Сейсенбі күні Астана уақытымен сағат 08:20-да 105,16 доллар болды. Баға бір тәулікте 0,9% қымбаттағанымен, бір апта бұрынғыдан әлі де 9,85% арзан. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 мамыр күні қара алтын құны күрт төмендеп, 98 доллар болған.