Бүгін нарық ашылғанда мұнай бағасы күрт қымбаттап, Астана уақытымен таң 03:45-те барреліне 102 доллардан асты.

Бағаның күрт өсуі АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты.

11 сәуірде өткен келіссөздер нәтиже бермеді. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын бұғаттау мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ бұл маңызды бағыттан өтетін кемелерді бақылап, тоқтата бастауы мүмкін.

Айта кетейік, 8 сәуір күні АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің тоқтауы туралы жаңалықтан кейін мұнай бағасы барреліне психологиялық меже 100 доллардан төмендеп, 94 долларға түскен.