2026 жылғы 18 мамырда мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздердің тұйыққа тірелуіне байланысты жеткізілім тапшылығы ұзаққа созылуы мүмкін деген алаңдаушылық аясында тағы қымбаттады.
Brent маркалы мұнай құны Астана уақытымен 09:10-да 111,16 доллар болды, бұл бір апиа бұрынғыдан 6,68% қымбат.
Халықаралық энергетика агенттігі Ормуз бұғазының жабылуына байланысты әлемдік мұнай қорлары рекордтық қарқынмен азайып жатқанын ескертіп, «үздіксіз жеткізілім іркілістері жағдайында қорлардың күрт қысқаруы болашақта бағаның тағы да шарықтауына әкелуі мүмкін» екенін мәлімдеді.
Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс сәуірде қол жеткізілген әлсіз бітімге қарамастан сақталып отыр. Иран қақтығыс басталғанға дейін әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі өткен Ормуз бұғазын бұғаттауды жалғастыруда. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иран порттарының қоршауын қолдап отыр. Кеше америкалық көшбасшы Иран үшін «уақыт таусылып бара жатқанын» айтып, ескерту жасады.