Kсell-дің таза пайдасы жыл басынан бері 41,3% өсті

"Кселл" АҚ 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы. "Кселл" акционерлік қоғамының үшінші тоқсандағы жалпы түсімі 7,3 %-ға өсіп, 50 245 млн теңгені құрады. Соның ішініде сервистік түсім 12,8 %-ға өсіп 40 419 млн теңгеге жетсе, EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 0,7 %-ға өсіп, 20 658 млн теңгені құрады. EBITDA бойынша рентабельділік 41,1% құрады. Бір жолғы шығыстарды есепке алмағанда операциялық пайда 2,1 %-ға ұлғайып, 12 874 млн. теңгеге жетті. Қаржыландыруға арналған таза шығындар 35,3 %-ға азайып, 1 526 млн теңге болды. Таза пайда 2,2 %-ға өсіп, 9 326 млн теңгені құрады (9 124). CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 13,4 % (7,5) құрады. Бос ақша қаражатының ағыны екі еседен астам ұлғайып 17 433 млн теңге болды. Тоғыз айдағы таза түсім 11,9%-ға өсіп, 140 408 млн теңге болса, сервистік түсім 11,1 %-ға 114 541 млн теңгеге дейін өсті. EBITDA көрсеткіші бір жолғы шығындарды есептемегенде 12,5 %-ға 59 463 млн теңгеге дейін ұлғайды. EBITDA бойынша рентабельділік 42,4% құрады. Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 23,2 %-ға ұлғайып, 36 244 млн теңгені құрады. Қаржыландыруға арналған таза шығындар 20,4 %-ға төмендеп, 5 709 млн теңгені құрады. Таза пайда 41,3%-ға артып, 24 953 млн теңге болды. CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 8,1% құрады. Бос ақша қаражатының ағыны 70,5 %-ға ұлғайып, 39 047 млн теңгені құрады. Абоненттік база 7 957 мың пайдаланушыдан тұрады. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_291021_1.pdf