Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2026 жылғы қаңтарда 14 102 жаңа автокөлік (13 298 жеңіл және 804 коммерциялық көлік) өткен, бұл былтырғы осы кезеңдегіден 25,2% жоғары.
Соның ішінде 87,4%-ы отандық өнім.
Қаңтарда ең көп өткен 10 автокөлік қатарында 2 774 көлігі иесін тапқан Kia көш бастады (былтырғы қаңтармен салыстырғанда +183,1%). 2 698 автомобиль сатқан Hyundai екінші орын алды (-15,6%). Үшінші сатыға Chevrolet (2 512,+110,9%) жайғасты.
Содан кейін Chery – 1 007 (+42%), Changan – 717 (+92,7%), Jac – 683 (+16%) тұр.
Ал ондықты Jetour – 600 (+3,3%), Haval – 546 (-5,9%), Toyota – 397 (-34,1%) және Geely – 350 (-47%) түйіндеді.
Саудасы қызған модельдер арасында Chevrolet Cobalt (2 191) үздік атанса, Kia Sportage (1 482 ) екінші орынға орналасты. Үшінші орын Hyundai Tucson-ға (1 397) бұйырды.
Бұдан бөлек, тізімге Hyundai Mufasa (497), Kia Cerato (493), Jac S3 Pro (442), Changan CS55 Plus (440), Chery Tiggo 2 (369), Hyundai Elantra (363 және Kia Soluto (337) енді.
