Халыққа берілетін кредиттер 2026 жылғы қаңтарда 0,2% артып, 24,8 трлн теңгені құрады. Халыққа кредиттердің өсуі ипотекалық қарыздардың 0,5%, 7,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюына және 2025 жылғы желтоқсан деңгейінде 16,7 трлн теңге мөлшерінде тұтынушылық кредиттеудің сақталуына байланысты.

2026 жылғы қаңтарда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі ДК кредиттері бойынша мөлшерлеменің 2,1 п.т. 31,6%-ға дейін өсуі есебінен 22,7%-ға дейін (2025 жылғы желтоқсанда – 21,4%) өсті. Халыққа берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 2,8 п.т. 22,3%-ға дейін өсуіне байланысты 20,8%-ға дейін (2025 жылғы желтоқсанда -18,3%) ұлғайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,8%-ын немесе 1,6 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфелінде мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,5%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,0%-ды немесе 528 млрд теңгені құрады.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталады және 61,1%-ды құрайды (01.01.2026 ж. – 60,6%).