KASE-де араб дирхамы қатысатын валюталық жұптар бойынша сауда-саттық басталды.

2026 жылғы 06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасы валюта нарығындағы құралдар желісін кеңейтіп, араб дирхамының қатысуымен жаңа валюталық жұптар бойынша сауда-саттықты іске қосты.

Нарыққа қатысушыларға AED/KZT — араб дирхамы мен теңге және USD/AED — АҚШ доллары мен дирхам жұптары бойынша операциялар қолжетімді болды.

Валюта құралдары қатарының кеңеюі нарық өтімділігін арттыруға, құралдарды әртараптандыруға және қатысушыларға валюталық тәуекелді басқару үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.