Жұмыс күні әлі басталмаған сияқты, ал сен жолда біраз уақыт өткізіп үлгердің. Мегаполисте тұратындар үшін кеңсеге барып-келу күніне 2–4 сағатты алуы мүмкін. Айына есептесек — бұл 46 сағаттан асады. Яғни бүтін екі тәулік. Осы уақытты спортқа, демалуға, достармен кездесуге немесе отбасыңа арнауға болар еді.
Жұмысқа дейінгі қашықтық өмір сапасына, күйзеліс деңгейіне және өнімділікке қалай әсер ететінін анықтау үшін HeadHunter Орталық Азия 900-ден астам қазақстандық жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді. Нәтижелері айдай анық.
Зерттеулер не дейді?
Вашингтон университеті ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, кептелісте көп сағат тұру – 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін артериялық қан қысымының кенет жоғарылауын тудырады. Себебі — күйзеліс қана емес, сонымен бірге ластанған ауа. Ал Оңтүстік Кореядағы Инха Университетінің сауалнамасына жолға кеткен ұзақ уақыттың тікелей адамның психикасына, яғни жүйкесіне әсер ететінің атап өтті.
Жол және депрессия
Корей зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жұмысқа бір сағаттан артық жететін адамдар, жолы 30 минуттан аз уақытты алатын адамдармен салыстырғанда, депрессия белгілеріне 16% жиі тап болады. Ғалымдар тікелей себеп-салдарлық байланыс дәлелденбегенін атап көрсетеді, алайда ұзақ сапарлардың теріс әсері әсіресе некеде тұрмаған, балалары жоқ және аптасына 52 сағаттан артық жұмыс істейтін ер адамдарда байқалады.
Қазақстандықтар арасында HeadHunter Орталық Азия сауалнамасы нені көрсетті?
Жолға қанша уақыт кетеді?
- Тек 18%-ы кеңсеге жаяу 15 минуттан аз уақыт ішінде жетеді.
- 34%-да жол көлікте 15-тен 30 минутқа дейін уақытты алады.
- 28%-ы 30-дан 60 минутқа дейін уақытты жұмсайды.
- 21%-ы — бір жаққа бір сағаттан артық.
Әрбір бесінші адам үшін бұл күніне екі сағатқа жуық уақытты алады. Осы уақыт ішінде таңғы ас ішіп, жаттығу немесе медитация жасауға болар еді.
Жұмысқа қалай барамыз?
- 41% — қоғамдық көлік
- 31% — жеке автокөлік
- 14% — жаяу
- 2% — велосипед немесе самокат
- 12% — күнделікті пайдалану кезінде бюджетке айтарлықтай әсер ететін такси
Жол күйзеліс пе?
- 27%-ы жұмысқа баратын жол қатты шаршататынын мойындады.
- 38%-ы кептелісте күйзеліске ұшырайды.
- 19%-ы — көңіл-күй арқылы сезінеді.
- Тек 16%-ы өздерін жайлы сезінеді
Ашуды келтіретін топ-4 фактор:
- Кептеліс — 47%
- Көлікті ұзақ күту — 13%
- Көліктегі қысылысу — 13%
- Жол ақысының қымбаттығы — 8%
Егер кеңсе жақын болса, не өзгерер еді?
- 39%-ы сенімді: күнді жақсырақ жоспарлай алар еді.
- 30%-ы энергияны көбірек сезінер еді.
- 17%-ы күйзеліс деңгейі төмендейді деп санайды.
- 11%-ы үйдің жанында немесе қашықтан жұмыс істеуде.
Жұмыстың жақын жерде орналасуы — бұл жай ыңғайлылық қана емес, өз әл-ауқатыңа нақты үлес.
Ал қашықтан жұмыс туралы айтсақ
- 35%-ы үйден жұмыс істегенді жөн көреді.
- 33%-ы гибридті форматты таңдар еді: уақыттың бір бөлігі кеңседе, қалған бөлігі — үйде.
- 29%-ы кеңсені өнімді жұмыс үшін маңызды деп санайды.
Күйзелісті жеңуге тағы не көмектеседі?
Мазасыздық — күнделікті өмірдің бір бөлігі. Одан толықтай құтылу мүмкін емес, бірақ шиеленіс деңгейін төмендетудің жолдары бар:
Назарды басқаға аудару. Ауада тыныстау және ойлардан арылу үшін, қысқа серуенге шығыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, сыртқы нысанға — түске, пішінге, текстураға көңіл тоқтатыңыз.
Тыныс алу жаттығуларын қолдану. Тынышталудың ең оңай жолы — терең тыныс алу: 2-3 секундқа дем алу, 4-5 секундта дем шығару. Тәжірибелілер үшін тыныс алу гимнастикасы мен толық кешендер бар.
Көбірек қозғалу. Физикалық белсенділік қуаныш гормондарының — эндорфин, дофамин, окситоцин және адреналиннің өндірілуіне ықпал етеді. Бұл ретте жаттығу залында бірнеше сағат жұмсаудың қажеті жоқ — йога, жүзу немесе жай ғана жарты сағаттық серуендеу қолайлы.
Күн мен ұйқы режимін орнату. Күнделікті жұмыс жалықтыру мүмкін, бірақ бұл беймазалықты жеңуге көмектеседі. Әлемді болжап білу болмайтын кезде, ең болмағанда негізгі заттар бақылауды сезіну жанға жайлылық береді: сегіз сағаттық ұйқы, 7:30-дағы таңғы ас, жұма күнгі — сүйікті телехикаяңның жаңа бөлімі.
Ал армандағы жұмыс қайда?
Біз сондай-ақ қазақстандықтардан мынаны сұрадық: кеңсе орналасуының қай нұсқасы және неге сіз үшін мінсіз болар еді? Жауаптар өте жеке және сонымен бірге — көбісі үшін танымал болып шықты:
«Менің үйімнен бір бағытқа ең көбі 4-5 аялдама. Жолға уақыттың аздығы — ғұмырдың ұзақтығы. Жақсы ауа-райында серуендеуге болады, қажет болған жағдайда үйге тез, тіпті түскі асқа да баруға болады. Бұл жайлылық пен еркіндік», — дейді сауалнама қатысушысы.
«Үйге жақынырақ немесе толықтай қашықтан — өзіме және жұмыстан басқа істерге көбірек уақыт бөлгім келеді», — дейді сауалнама қатысушысы.
«15 минут жаяу — тамаша нұсқа. Барғанша, оянасың, дем аласың, бойыңды жазасың. Кеңсеге жеткен кезде — энергияға толы боласың. Бұл серуендеу және күнге ыңғайлану», — дейді сауалнама қатысушысы.
«Егер жұмыс көңілден шықса — жолға қанша уақыт кететіні маңызды емес. Ал егер олай болмаса — қашықтан жұмыс істеу де құтқармайды, мұның бәрінен қалай құтылуға болатынын ойлайсың», — дейді сауалнама қатысушысы.
Бұл жауаптар әмбебап тәсілдің жоқ екендігін еске салады. Біреу үшін үйге түскі асқа үлгеру маңызды, біреу таңертеңгі серуенді бағалайды, ал біреу – қашықтыққа қарамастан, жай ғана қуаныш әкелетін жұмыс туралы армандайды.