Halyk Bank клиенттеріне жалақының бір бөлігін белгіленген төлем күнінен бұрын алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет ұсынады.
«Аванс онлайн» деп аталатын сервис арқылы қызметкерлер айына екі ретке дейін жалақысының 50%-на дейінгі соманы алдын ала ала алады.
Қызметтің негізгі ерекшеліктері:
Жалақының 50%-ына дейінгі соманы мерзімінен бұрын алу;
Айына екі рет пайдалануға болады;
Өтінімді толығымен онлайн рәсімдеу;
Бухгалтерияға жүгінудің қажеті жоқ;
Комиссия мен пайыздық төлем қарастырылмаған;
Алынған сома келесі жалақы төленген кезде автоматты түрде есепке алынады.
Банк бұл қызметтің несие болып саналмайтынын атап өтеді. Яғни, қызметкер өзіне тиесілі жалақының бір бөлігін белгіленген мерзімнен ертерек алады.
Қызмет жалақысын Halyk картасына алатын қызметкерлерге қолжетімді.
Жұмыс берушілер үшін
Halyk бұл сервисті компанияларға да ұсынады. Жұмыс берушілер қызметкерлеріне жалақысының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін беріп, олардың қаржылық жағдайын қолдай алады.
Қызметті қосудың бір артықшылығы бухгалтерге салмақ азаяды, өтінім автоматты өңделеді.