Цифрлық сақтандыру қызметтерін дамыту жаңа өнімдерді әзірлеуге, ауқымды түрде кеңеюге және жаңа нарықтарға шығуды жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұны «Freedom Insurance» СК» АҚ тәжірибесінен-ақ көруге болады.  

«Біз әу бастан жасақтамаларға, деректерге және клиенттік тәжірибеге басымдық беретін цифрлық сақтандыру компаниясын құруды мақсат еттік. Freedom бренді аясында өсіп ғана қоймай, сонымен қатар жеделірек әрекет ететін, анағұрлым ашық әрі клиентке түсінікті жаңа сақтандыру моделін қалыптастырдық», — деді «Freedom Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев

Оның айтуынша, енді компанияның мақсаты тек өсумен шектелмей, Freedom экожүйесі ішіндегі сақтандырудың рөлін қайта айқындау, яғни клиенттік база, қызмет көрсету мен жаңа өнімдердің драйверіне айналу. 

Digital-first моделін құру және пайдалану (негізгі процестерді цифрландыру) сақтандыру компаниясына дәстүрлі инфрақұрылымнан бас тартуға, сондай-ақ бүкіл нарық ауқымында кеңейтуге болатын ІТ-платформаларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Компания дамудың келесі кезеңін сақтандыру маркетплейсін құрумен байланыстырады. 

«Біз клиенттің SuperApp ішінде кез келген сақтандыру компаниясының өнімін таңдап, полисті онлайн рәсімдеп, сатып алудан бастап реттеуге дейінгі барлық қадамдарын цифрлық форматта жасай алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз.Осылайша, біз сақтандыру компаниясы тек өз өнімін ұсынатын модельден клиентке бірнеше сақтандыру компаниясының өнімдерін бір платформа ішінде таңдауға мүмкіндік беретін модельге көшіп отырмыз. Сақтандыру клиент үшін полистің өзінен гөрі түпкілікті қызмет көрсету мен беретін нәтижесі маңыздырақ экожүйелік тәсілдің бір бөлігіне айналуда. Осылайша, клиенттің ыңғайына бағдарланған, анағұрлым ашық әрі қолайлы жаңа нарықтық модель қалыптасады», — деп атап өтті спикер.

 Сондай-ақ компания ауқымын кеңейтіп, өз әлеуетін таратуға болатын өнімдер мен салаларды да қарастырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, агросақтандыру аса зор әлеуетке ие нарықтардың бірі саналады. Тек Қазақстанның өзінде бұл нарықтың көлемі 160 миллиард теңгеге бағаланады. Қазір фермерлердің небәрі 2%-ы ғана егістігі мен өнімін қорғау үшін сақтандыру рәсімдейді. Сарапшының пікірінше, агросақтандыруды фермердің қаржылық мүддесін қорғайтын құрал ретінде ғана емес, сонымен бірге фермерлерге өз бизнесін қаржыландыруға мүмкіндік беретін тетік ретінде де қарастыру қажет. Себебі бүгінде аграршылар мемлекет субсидиялайтын несиелерді алады. 

«Мемлекет тарапынан қаражат көлемі аса көп емес, сондықтан оны аграршылардың шектеулі бөлігі ғана пайдалана алады. Біз агросақтандыруды банктерге, микроқаржы ұйымдарына және басқа да серіктес құрылымдарға қаражаттың қайтарылуына кепілдік беретін құрал ретінде қарастыруды ұсынамыз. Бұл аграрлық саланы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады», — деді ол.

Мұндай тәсіл компанияға Қазақстан нарығындағы үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ алдағы бес жыл ішінде өз білімін, тәжірибесі мен жинақтаған шешімдерін Орталық Азияға экспорттауға мүмкіндік береді.

«Біздің сараптамалық әлеуетіміз, спутниктік деректер мен суреттермен жұмыс істеу мүмкіндіктеріміз, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдануымыз халықаралық құралдармен және халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарымен бәсекелесуге жол ашады деп есептеймін. Әрине, экожүйелік әсерді де күшейтіп, Freedom SuperApp-пен интеграцияны тереңдете береміз. Соның нәтижесінде сақтандыру қосымшаның өнімдеріне микротолқынды пештегі сағат секілді табиғи түрде кіріктіріледі. Мәселен, сіз микротолқынды пешті сатып алғанда, сағатты бөлек сатып алмайсыз, ол оның ішінде орнатулы тұрады. Сақтандыру да дәл осылай жұмыс істейтін болады», — деп түсіндірді сарапшы.

Компания сақтандыру қызметтерін нарықтың заманауи үрдістеріне сай, сонымен қатар қосымшаның маңызын арттыру бағыты аясында дамытуды жоспарлап отыр.

«Біріншісі – технологияларды одан әрі цифрландыру және кеңейту, сондай-ақ шешімдерді жаңа нарықтарға экспорттау. Екіншісі – саяхат сапарларын сақтандыру мен корпоративтік өнімдерді дамыту. Үшіншісі – сақтандыру SuperApp пен тұтастай Freedom платформасындағы бірыңғай клиенттік жолдың бір бөлігіне айналатын экожүйелік интеграцияны күшейту», — деді сақтандырушы.