ForteBank акционерлері 2025 жылғы таза пайданы бөлмей, оны банктің өзінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2026 жылғы 20 сәуірдегі жылдық жиналыста бекітілді.

2022–2024 жылдары төленген дивиденд тиісінше 49 млрд теңге, 58,2 млрд теңге және 101,7 млрд теңге болған.

Ал 2025 жылы банк 182,3 млрд теңге таза пайда тапты — бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14% көп.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың соңында ForteBank Home Credit Bank-ті толық сатып алды: Бағалау бойынша, мәміле шамамен 172,2 млрд теңгеге түсуі мүмкін, бұл банктің бір жылдық пайдасының ~94,5%-ына тең.

Банктің негізгі акционері — Булат Утемуратов (91,1%). Оның байлығы шамамен 3,7 млрд доллар.