Ең бай 20% қазақстандық жалпы табыстың 40%-на ие

Ең бай 20% қазақстандық жалпы табыстың 40%-на ие

Автор: Мадина Қабжалалова – Halyk Finance Талдау орталығы

2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы кедейлік деңгейі маусымдық үрдіске сай 4,8%-ға дейін төмендеді: III тоқсанда бұл көрсеткіш әдетте жоғары болады, бұл жыл соңындағы қосымша әлеуметтік және бонустық төлемдерге байланысты болуы мүмкін. Кедейлік көп балалы отбасыларға (5+ адамы бар үй шаруашылықтары үшін 8,92%) және ауылдық аймақтарға (6,8%, қалада 3,6%), әсіресе Түркістан және Маңғыстау облыстарына қатты әсер етеді.

Табыс теңсіздігі де сақталуда, ең бай 10% барлық табыстың 25%-ын алады, ал ірі қалаларда кедейліктің төмен деңгейіне қарамастан бұл көрсеткәш тіпті жоғары. Орташа алғанда, ең бай қала халқының 10%-ы ең кедей 10%-дан 6,8 есе көп табыс табады, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 4,9 есе.

2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі орташа есеппен 4,8%-ды құрады, бұл өткен тоқсандағыдан сәл төмен – ол кезде 5,1%-ды құрады. 

Кедейлік деңгейі үй шаруашылығындағы адамдар санына пропорционалды және бұл қатынас біркелкі де емес. Мәселен, бір адамнан тұратын үй шаруашылығында кедейлердің үлесі 0,12%, екі адамы бар үй шаруашылығында – 0,44%, үш адамы бар үй шаруашылығында – 1,08%, төрт адамы бар үй шаруашылығында – 2,54% болса, онда бес және одан да көп адамы бар үй шаруашылығында бұл үлес 8,92%-ды құрайды. Сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар аз қамтылған топта кедейлік қаупі жоғары, балалары көп үйде кедейлік те жиі.

Сондай-ақ, кедейлік деңгейінде және аймақтар бойынша, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы кірістерді саралауда өте күшті сәйкессіздіктер бар. Елдің ірі қалаларында кедейлік деңгейі ең төмен (Астана – 2,1%, Алматы – 3,5%). Кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (8,4%) және Маңғыстау облысында (7,9%) байқалады. Табыстың сатып алу қабілеті әртүрлі: Қарағанды ​​облысында табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2,7 есе жоғары болса, Түркістан облысында 1,4 есе ғана жоғары.

Қалалық жерлерде кедейлік деңгейі (3,6%) ауылдық жерлерге (6,8%) қарағанда екі есе дерлік төмен. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде республикадағы ең жоғары кедейлік деңгейі – 11,9%, бұл сол өңірдегі қала тұрғындарының кедейлік деңгейінен – 3,2% тым алшақ. Жалпы, қалалық жерлердегі орташа табыс (116 455 теңге) ауылдық жерлерге (84 437 теңге) қарағанда 1,4 есе дерлік жоғары.

Қазақстандықтардың ең ауқатты 10%-ы барлық табыстың 25%-ын алады, бұл ең кедей 10%-дан 6,4 есе көп. 20% халық барлық табыстың 40%-ын алады, бұл ең кедей 20% -дан 4,5 есе дерлік көп.

Кедейлік деңгейі ірі қалаларда дәстүрлі түрде төмен болғанымен, онда табыс теңсіздігі урбанизацияланбаған аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Табыстың ең жоғары алшақтығы Алматы қаласында (коэффициенті – 7,31), Астана қаласында (5,98), ал ең төмені – Маңғыстау, Атырау, Түркістан облыстарында (тиісінше 2,68; 3,41; 3,36) байқалады.

Тұтыну мен шығынды кіріс топтары бойынша қарастыратын болсақ, ең аз қамтылған халықтың 10%-ы ақшалай шығындарының 59%-ға жуығын азық-түлікке жұмсайтынын көреміз, ал ең бай 10% халық табыстың 42,5%-ын ғана тамаққа жұмсайды. Сонымен қатар, соңғысы азық-түлікке жатпайтын тауарларға әлдеқайда көп ақша жұмсайды, шамамен 26,5%, ең кедей 10%-да бұл көрсеткіш 19,8%.