Екібастұзда шағын бизнес қағаз жүзіндегі есеп жүргізуден цифрлық шешімдерге белсенді түрде көшіп жатыр. Мәселен, үй жанындағы дүкендер мен дәріханаларға арналған OnlineDuken платформасын қазірдің өзінде 400-ден астам сауда нүктесі пайдаланады. Оның үстіне, ай сайын сервиске тағы 20–30 дүкен қосылады. Платформаны не үшін ыңғайлы деп санайтынын және бизнесті дамыту үшін тағы қандай құралдар қажет екенін кәсіпкерлер Halyk Bank ұйымдастырған бизнес-форум барысында айтып берді.
«Біз Екібастұзда диалог алаңын құру мақсатында бизнес-форум ұйымдастырдық. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Екібастұз – экономикалық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік қала. Ал бұл даму шағын және орта бизнеске қуатты серпін береді», – деп түсіндірді Halyk Bank Екібастұз өңірлік филиалының директоры Рустам Нұрышев.

Банк көзімен қарағанда
Рустам Нұрышевтің айтуынша, Halyk үшін жай ғана банк емес, ШОБ-тың толыққанды институционалдық серіктесі болу маңызды. Сондықтан банк OnlineDuken платформасын пайдаланатын кәсіпкерлердің қандай мәселелерге тап болатынын біліп, оларға өз шешімдерін ұсынуды көздеген.
«Шағын бизнес өкілдері қымбат арнайы жабдық сатып алуды қажет етпейтін, фискализацияны, қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауды және қойма есебін смартфон арқылы жүргізуді біріктіретін, дайын әрі қарапайым шешімдерге мұқтаж екенін айтады», – дейді Рустам Нұрышев.

Оның айтуынша, бір реттік кездесулер жеткіліксіз. Өйткені заңнама, салық нормалары мен нарықтағы жағдай өте жылдам өзгеріп жатыр.
«Мұндай форумдар бізге жағдайды жіті бақылауға, өңірлердегі кәсіпкерлердің мәселелерін жедел білуге және олардың міндеттерін шешу үшін экожүйеміздің дайын құралдарын бірден ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу тәжірибеге айналады», – деді Рустам Нұрышев.
Пайдаланушылардың көзімен қарағанда
«Той Маркет» дүкенінің иесі Ольга Кожевникова форум барысында кездесудің практикалық пайдасын атап өтті. Оның айтуынша, ол OnlineDuken платформасының мүмкіндіктері туралы көбірек білген. Соның ішінде жұмыстың көптігінен бұрын пайдалануға үлгермеген функцияларымен танысқан.

«Сондай-ақ басқа кәсіпкерлермен кездесіп, әңгімелесуге мүмкіндік болды. Күнделікті өмірде бұған уақыт тапшы. Ал мұнда осындай мүмкіндік берілді. Маған өте ұнады», – деп ой бөлісті Ольга Кожевникова.
OnlineDuken күнделікті жұмыста қалай көмектеседі?
Бизнес-форумға қатысқан кәсіпкерлер OnlineDuken сервисінің ыңғайлылығын ғана емес, күнделікті жұмыста көмектесетін банктің экожүйелік шешімдерін де атап өтті. Платформа арқылы бонустар жинауға болады. Ал үй жанындағы дүкен иелері төлемдердің жылдамдығын және бөліп төлеу мүмкіндігін ерекше бағалаған.
Өз дүкенін ашпай тұрып-ақ OnlineDuken сервисін пайдалана бастаған Ольга Кожевникова жеткізушілермен есеп айырысқаны үшін сыйақы алу мүмкіндігін ерекше ұнатады. Жиналған бонустарды жаңа тауар сатып алуға пайдалануға болады, дейді «Той Маркет» дүкенінің иесі.

Кәсіпкер Onlinebank қосымшасы арқылы дүкенге арналған ғимарат сатып алу үшін бизнес-несие де алған. Ол несие төлемінің автоматты түрде өтелуін әсіресе ыңғайлы деп санайды.
«Несие төлеу керек деп бас қатырып отырмаймын. Қаражат күн сайын шоттан алынады, ал айдың 10-ы күні маған несие бойынша бір айлық берешектің өтелгені туралы SMS келеді. Өте ыңғайлы», – деді кәсіпкер.
«Манго» жеміс қоймасының иесі Надира Сейтқазинова да OnlineDuken сервисіне бір жылға жуық уақыт бұрын қосылған. Ол бөлшек сауда саласында он жылдан бері жұмыс істейді, ал өз дүкенін үш жыл бұрын ашқан.
«OnlineDuken арқылы біз жүкқұжаттарды төлеп, барлық қажетті есеп айырысуды жүргізе аламыз. Жеткізушілер бізге тауар жібереді, ал біз осы сервис арқылы барлық шотты төлейміз. Бонустар жинала бастаған кезде оларды есеп айырысуға пайдалана бастадық. Бұл біз үшін ыңғайлы әрі тиімді», – деп атап өтті Надира Сейтқазинова.

Цифрлық құралдар сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Пятнашка» дүкенінің иесі Майра Амербековаға да көмектескен. Кәсіпкердің айтуынша, ол бонустардан бөлек, төлемдердің жылдамдығын және бөліп төлеу мүмкіндігін ерекше ұнатады.
Үй жанындағы дүкендерге арналған B2B маркетплейс – OnlineDuken іске қосылғалы бері платформаның айналымы 300 млрд теңгеден асты. Сервиске 20 мыңнан астам бірегей шағын маркет қосылған. Бұл Қазақстандағы осындай форматтағы дүкендердің жартысына жуығын құрайды. Платформадағы дистрибьюторлар саны 500-ден асады.
Бұл көрсеткіштер дәстүрлі бөлшек сауда саласында заманауи цифрлық шешімдерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Банктің экожүйелік тәсілінің арқасында үй жанындағы дүкендердің иелері негізгі бизнес міндеттерін бірыңғай цифрлық ортада шеше алады. Атап айтқанда, Halyk арқылы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдап, OnlineDuken арқылы жеткізушілерден тауар сатып алып, сондай-ақ фискалдық түбіртектер бере отырып, re:Kassa кассасы арқылы сата алады. Сонымен қатар тауар қалдықтары мен негізгі бизнес процестерін қосымша кассалық жабдық сатып алмай-ақ, смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік бар.