Борышкерлердің шоты енді толық бұғатталмайды

Борышкерлердің шоты енді толық бұғатталмайды

Борышкерлердің банк шоттарын толық бұғаттау тоқтайды. Бұрын қарыз аз болса да, шоттағы барлық ақша бұғатталатын. Енді бұл ережені өзгерту көзделіп отыр. Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.

«Борышкерлердің шоттарын толық бұғаттаудан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Шектеу тек қарыз сомасына ғана қойылады», – деді ол.

Яғни борышкер шоттағы қалған қаражатты еркін пайдалана алады.

Әділет министрлігінің мәліметінше, бұрынғы жүйеге қатысты шағымдар көп болған. Қазір жаңа тетік банктермен бірге пысықталып жатыр.