2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4% орындалды.
- жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсті;
- жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды;
- 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады
Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады.
Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттің 98%-ын салық түсімдері құрайды. Бюджет кірістері 101,8% орындалды, 4 трлн теңге жоспарланған болатын, бұл шамамен 4,2 трлн теңгені құрады.
Негізгі өсімге ықпал еткен жағдайлар:
- корпоративтік табыс салығы (КТС) – 16,9%;
- импортқа қосылған құн салығы (ҚҚС) – 24,2%;
- пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ХДПИ) – 35,7%
2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9% ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді.
Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.
Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.
Экспортқа қолайлы бағалар, сату көлемін ұлғайту және салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту өсу факторларына айналды.
Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.