Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз және Сәтпаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде 2025–2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша республикалық селекторлық кеңесінде белгілі болды.

«Бұдан бөлек, бірқатар электр станциясында негізгі жабдықтарды жөндеу мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен энергетикалық кәсіпорындарға жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.