Банктерге салық көбейгесін таза пайдалары азайып қалды

Банктерге салық көбейгесін таза пайдалары азайып қалды

Наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстан банктері жалпы 203,4 млрд теңге таза пайда тапты. Ал 2025 жылдың наурызында банктердің пайдасы 215,2 млрд теңгені құраған, яғни бір жылда көрсеткіш 5,8% төмендеді.

2026 жылдың алғашқы үш айындағы пайдаға келсек, ол 592,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (664 млрд теңге) бірден 12% аз.

Пайданың төмендеуін ішінара корпоративтік табыс салығының өскеніне байланысты. Атап айтқанда КТС 25%-ға дейін артты. Нәтижесінде төленген салық 28,7% өсіп, 54 млрд теңгеге жетті. Ал бірінші тоқсан қорытындысы бойынша банктер 148 млрд теңге салық төлеген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% көп.