Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы ақпанда 46,2 трлн теңгегені құрап, аздап ұлғайды. 

Заңды тұлғалардың депозиттері 1,2%, 20,0 трлн теңгеге дейін төмендеді, бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері – 1,0%, 26,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер алдыңғы аймен салыстырғанда іс жүзінде өзгермеген және 36,6 трлн теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер де алдыңғы айдағы деңгейде сақталып, 9,5 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 наурыздағы долларлану деңгейі 2026 жылдың қаңтарындағы деңгейде сақталып, 20,7%-ды құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютасындағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 2026 жылғы ақпанда 16,8%-ды (2026 жылғы қаңтарда – 16,8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 15,1%-ды (2026 жылғы қаңтарда -15,3%) құрады.