2025 жылдың қорытындысы бойынша, бал экспорты 2,5 есе артып, бір жыл бұрынғы 603 тоннаға қарағанда 1477 тоннаға жетті. Жеткізудің негізгі бағыты Өзбекстан болып қала береді — 1264 тонна немесе жалпы көлемнің 85,6%. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, қазақстандық бал Канадаға, ҚХР-ға, Сауд Арабиясына, РФ-ға және АҚШ-қа экспортталды. Алғаш рет Оманға жеткізілді.

Ал импорт айтарлықтай төмендеп, 2024 жылы 1663 тоннаның орнына 262,4 тоннаны құрады.

АШМ дерегі бойынша, бүгінде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында 241 мың ара тұқымдасы бар, олардың 90,2 мыңы асыл тұқымды. Жыл сайын 5 мың тоннаға жуық бал, 46,5% немесе 2,3 мың тонна — жеке қосалқы шаруашылықтарда, 54% немесе 2,7 мың тонна — ауыл шаруашылығы өндірушілері өндіреді.

«Мемлекеттік қолдау мақсатында мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау Қағидалары шеңберінде сатылған өнім килограмы үшін бал өндірісінің құнын арзандатуға — 200 теңге субсидиялау көзделген», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.