Ақтөбе мен Алматы облысы халқы тамақ сатып алуды азайтты

Ақтөбе мен Алматы облысы халқы тамақ сатып алуды азайтты

2022 жылдың басынан бері бөлшек сауда айналымы шамамен 6,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларындағы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өсті.

Сауданың жалпы көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі 32,9%-ды (2 трлн. теңгеден сәл астам), азық-түлік емес тауарлар – 67,1%-ды (4,1 трлн. теңгеден астам) құрады.

Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату 6,3%-ға төмендесе, азық-түлік емес тауарларды сату 5,4%-ға өсті.

Азық-түлікке сатып алуды ең көп азайтқандар Ақтөбе облысы (33%), Алматы облысы (29,2%), Абай облысы (25,2%) және Алматы (15,9%).

Қостанай (31%), Павлодар (26,7%) және Маңғыстау (10,6%) тұрғындары керісінше көбейтті.

Азық-түлік емес тауарларды сатып алуды Шымкент (19,7%) және Павлодар облысының (9,1%-ға) тұрғындары азайтса, Алматы облысы (27,5%) мен Абай облысында (22,5%) керісінше көбейтті.

Алты айда ірі бөлшек сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 70,6%-ды (дерлік 4,3 трлн. теңге), ал жеке кәсіпкерлер мен қала базарларының үлесі 29,4%-ды (1,8 млрд. теңгеге жуық) құрады.

Республикадағы көтерме сауда 2022 жылдың басынан бері 14,5 трлн теңгеден асты (өсім 8,5%).