Наурызда Қазақстан қор нарығында Қазақтелекомның болмашы қымбаттағанын санамасақ, мұнайдың 50%-ға жуық қымбаттағанының арқасында ҚазМұнайГаз бен оған қарасты ҚазТрансОйл ғана өсті, 20% айналасында. Соның арқасында басқа барлық компаниялардың құлдырағанына қарамастан, KASE айды оң жапты.

Алтын-күміс ақпанмен салыстырғанда қайта арзандап кетті.