Соңғы 10 жылда университеттердің әлемдік рейтингтерінде қай елдер ең үлкен серпіліс жасады және оған қанша ресурс қажет болғанын Freedom Life ӨСК мамандары анықтады.
Зерттеу көрсеткендей, университеттердің әлемдік рейтингтерде ілгерілеуі көбінесе ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатпен байланысты. Елдер ғылым мен зерттеулерге инвестиция салып, халықаралық ынтымақтастық пен жоғары білім беру жүйесін дамытып келеді. Бүгінде ең елеулі өзгерістер Азия және Таяу Шығыс елдерінде орын алуда.
Әлемдік білім беру картасын кімдер өзгертуде
Әлемдік университеттер рейтингтерінде ұзақ уақыт бойы АҚШ пен Ұлыбританияның жоғары оқу орындары көш бастап келеді және бүгінде де өз көшбасшылығын сақтап отыр. Алайда соңғы онжылдықтарда жоғары білім беру географиясы біртіндеп кеңейе түсті. Батыс университеттеріне Азияның жоғары оқу орындары елеулі бәсекелестік танытып келеді.
Өткен онжылдықтың ортасына қарай Сингапур, Жапония және Оңтүстік Кореяның жетекші университеттері де жоғары орындарға ие болды. QS World University Rankings 2017 рейтингінде National University of Singapore 12-орында, Nanyang Technological University — 13-орында, University of Tokyo — 34-орында, Seoul National University — 35-орында болды.
Он жылдан кейін олардың жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ. QS World University Rankings 2027 рейтингінде NUS 10-орында, NTU — 12-орында, Seoul National University — 38-орында, University of Tokyo — 39-орында. Яғни бұл елдердің жетекші университеттері осыдан он жыл бұрын-ақ жаһандық рейтингтің жоғарғы бөлігінде болған және бүгінде дәстүрлі көшбасшылармен бәсекелесуді жалғастырып келеді.
Бұдан да қызығы — басқа елдер тобы, яғни осы кезең ішінде университеттері ондаған, ал кейбір жағдайларда жүздеген орынға көтеріле алған елдер.
10 жылда ең үлкен серпілісті кім жасады
QS World University Rankings 2017 және 2027 рейтингтерін зерттеу ең елеулі өсім бір ғана өңірге тән емес екенін көрсетті: бүгінде қарқынды дамып келе жатқан университеттер Азияда, Таяу Шығыста, Австралияда, Солтүстік Америкада және Еуропада бар.

Деректер: QS World University Rankings
Орындаған: Freedom ӨСК
Ең елеулі серпілісті Малайзияның екі университеті жасады. Өсім жоғары білім беру сапасын арттыруға, зерттеулерді дамытуға және жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған Malaysia Education Blueprint 2015–2025 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында орын алды.
Таяу Шығыс та жоғары өсім көрсетті. Сауд Арабиясында университеттерді дамыту мемлекеттік стратегияның бір бөлігіне айналса, БАӘ зерттеулерге, инновацияларға және білім экономикасына көшуге басымдық берді. Нәтижесінде зерттеуде ұсынылған екі елдің университеттері он жыл ішінде 100-ден астам орынға көтерілді.
Басқа елеулі мысалдардың қатарында Индонезия мен Аустралия бар, мұнда да өсім 100-ден астам орынды құрады. Қазақстандық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ он жыл ішінде 59 орынға көтеріліп, өсу қарқыны бойынша Канада, Испания және Тайланд университеттерін басып озды.
Қытай бастапқыда жоғарырақ орындарда болды. Оның жетекші университеттері осыдан он жыл бұрын-ақ үздіктер қатарында еді: бүгінде Peking University 13-орында, Tsinghua University — 14-орында. Бұл жерде енді қуып жету өсімі емес, әлемдік көшбасшылар қатарындағы орын үшін күрес туралы сөз болып отыр. Мұндай көрсеткішке 2017 жылдан бері елде әлемдік деңгейдегі университеттер мен ғылыми бағыттарды қалыптастыруға бағытталған Double First-Class мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы ықпал етті. Бағдарлама зерттеулерді, мықты академиялық бағыттарды дамытуды және Қытай жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.
Бұл оқу орындарында оқу қанша тұрады?
Әлемдік рейтингтердегі позициялардың өсуі мықты университеттер географиясының қаншалықты жылдам өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді. Алайда болашақ студенттер мен олардың отбасылары үшін тағы бір маңызды көрсеткіш бар — оқу құны. Freedom ӨСК мамандары зерттеуде қамтылған он елдің университеттерінде бір жылдық оқу бүгінде қанша тұратынын салыстырды.

Деректер: ашық дереккөздерден
Дайындаған: Freedom ӨСК
Университеттің әлемдік рейтингтегі жоғары орны оқу құнының да міндетті түрде жоғары болатынын білдірмейді. Мысалы, QS 2027 рейтингінде 13-орында тұрған Қытайдағы Peking University-де бір жылдық оқу шамамен 1,8–2,1 млн теңге тұрады. Бұл Қазақстандағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу құнымен шамалас — жылына 1,1–1,9 млн теңге.
Канада мен Аустралияда оқу айтарлықтай қымбат. Канадалық Queen’s University-де бір жылдық оқу құны 20,3 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін, ал австралиялық Curtin University-де — 16,5 млн теңгеге дейін. Сауд Арабиясында жағдай өзгеше: King Fahd University of Petroleum and Minerals-де шетелдік бакалавриат студенттері оқу ақысын төлеуден босатылып, стипендия алады.
Осылайша, бұл университеттердегі білім алу құны айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін және олардың әлемдік рейтингтегі орнына әрдайым байланысты бола бермейді. Оқу ақысы елге, таңдалған мамандыққа және білім беруге көрсетілетін мемлекеттік қолдау деңгейіне байланысты.
Жоғары білімнің 10 жылдықтағы келешегі
Бірнеше жылдан кейін бала таңдайтын университетті бүгін нақты болжау қиын. Осы уақыт аралығында оқу құны, жоғары оқу орындарының рейтингтегі орны, тіпті жоғары білім беру саласында жаңа бағыт-бағдар қалыптастыратын елдер де өзгеруі мүмкін. Сондықтан ата-аналар үшін болашақ университетті дәл табудан гөрі, білім алуға қажетті қаржылық негізді алдын ала қалыптастыру маңызды.
Қазақстанда осындай ұзақ мерзімді жинақтарға арналған «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істейді. Оның аясында ата-аналар мемлекет тарапынан қолдау ала отырып, қаражатты өз бетінше жинақтай алады.
«Freedom Keleshek бағдарламасы биыл 5 жасқа толатын балалар үшін мемлекеттен бастапқы капитал беруді қарастырады: балалардың басым бөлігіне — 60 АЕК, ал әлеуметтік осал санаттағы балаларға — 120 АЕК. Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы 5 немесе 7%-ды құрайды, бұл ретте сыйлықақы есептелетін ең жоғары сома — 100 АЕК. Сақтандыру компаниясының кірістілігі — жылдық 14%. Бағдарламаны онлайн рәсімдеуге және басқаруға болады, ал шарттың бүкіл қолданылу мерзімінде сақтандыру қорғанысы әрекет етеді. Бағдарлама бойынша міндеттемелер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен де қорғалған», — деп атап өтті Freedom ӨСК мамандары.