«Әдемі!» — «Золотое Яблоко» халықаралық бьюти-ретейлері жариялап отырған медиа марапат. Медиа марапат Қазақстанда тұратын және сұлулық, ретейл, сондай-ақтұтыну мәдениеті туралы жазатын журналистер мен блогерлерге арналған. Жеңімпаздарды марапат сайтындп дауыс беру арқылы аудиторияның өзі таңдайды. Қатысу үшін өтінімдерді қазанның 1-і мен 11-і аралығында марапат сайтына жіберуге болады.
Журналистердің жұмысы үш аталым бойынша бағаланады:
«Сұлу сөз» — бьюти-индустрия туралы, оның ішінде брендтер, өнімдер және осы салада еңбек ететін адамдар туралы мәтіндер;
«Дүкендегі сауда» — офлайн-шопинг туралы мәтіндер;
«Онлайн бьюти» — бьюти саласындағы электронды сауда туралы мәтіндер.
Марапатқа сұхбат, репортаж, қазақ немесе орыс тіліндегі мақалалар мен шолу түріндегі материалдарды ұсынуға болады. Материалдар қазақстандық БАҚ-та 2025 жылғы 1 қазан мен 2026 жылғы 1 қазан аралығында онлайн жарияланған болуы қажет.
Блогерлер додаға төрт аталым бойынша қатыса алады:
«Бьюти жаңалық» — жазылушы саны 5 000-нан 9 999-ға дейінгі бьюти-блогтар;
«Контентмейстер» — жазылушы саны 10 000-нан 99 999-ға дейінгі бьюти-блогтар;
«Бьюти пікір көшбасшысы» — 100 000-нан астам жазылушысы бар бьюти-блогтар;
«Бьюти-сері» — ерлер бьюти-блогтары.
Instagram, TikTok, YouTube және Telegram желілеріндегі қазақ және орыс тіліндегі блог иелері қатыса алады.
Әр аталым бойынша екі жеңімпаз болады: «Тәлімгер» және«Сарапшы». Сыйлық барлығы 14 авторға беріледі. Әрқайсысына естелік мүсінше және бьюти-брендтерден сыйлықтар ұсынылады.
«Қазақстан журналистері мен блогерлері күнделікті бьюти-нарық қалай өзгеріп жатқанын: қандай брендтер шығып жатқанын, дүкендер қалай жұмыс істейтінін, халық не сатып алатынын жазады.
Біз осы еңбекті елеп-ескергіміз келеді. Сол себепті жеңімпаздарды біз де, әділ қазылар алқасы да емес, авторлардың жазғанын оқып, бағалайтын оқырмандар мен көрермендер анықтамақ», - деп атап өтті «Золотое яблоко» ретейлерінің Қазақстандағы директоры Лилия Мамчук.