2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,6% өсіп, 6 089,4 млрд теңгені болды.
2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, темір жолдары мен метролар (25,5%), тұрғын емес ғимараттар (21,4%) және тұрғын үйлердің (12,8%) құрылысы алады.
Өңірлер бойынша республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсім Ұлытау (2,9 есе), Павлодар (41,4%), Атырау (37,3%), Қызылорда (26,9%), Түркістан (23,5%), Қостанай (21,4%), Абай (20,6%), Шығыс Қазақстан (20,4%), Батыс Қазақстан (13,4%) және Маңғыстау облыстарында (13,1%), Алматы (16,7%), Шымкент (13,9%) және Астана (13,4%) қалаларында байқалады.
Ал Жетісу облысында көрсеткіш 4,3%, Қарағанды облысында 1,4% азайып кеткен.

2026 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген жаңа нысандарының жалпы алаңы 14 214,7 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,6% көбейіп, 11 326,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 7 500,4 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 3783,7 мың шаршы метр – жеке үйлер.