2026 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3% өсіп, 5 061,1 млрд теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.
Өңірлер бойынша республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады.
Есесіне Жетісу (-21%) мен Қарағанды (-19,8%) облыстарында құлдырап кетті.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9% көбейді, 9746 мың шаршы метрді құрады.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 18090 оқу орнына арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, 4207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орынқосымша пайдалануға берілді.