Құрылыс саласындағы 2026 жылға арналған басым міндеттерінің бірі 20,4 млн м2 тұрғын үйді нақты пайдалануға беру. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, абаттандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға берілуі керектігін атап өтті.
Тұрғындар үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«Тұрғын үйді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізуге қатысты қосымша ұсыныстар әзірленсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өңірлердің әкімдіктеріне тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алдын ала әзірлеп, инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдету міндеті қойылды. Жаңа тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтамасыз етіліп, қоныстануға толық дайын болуы тиіс.