Жеңідетілген режимдегі бизнестің табысы артты

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін қолданған кәсіпкерлердің декларацияланған табысы 9,4 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 7,9 трлн теңгемен салыстырғанда 18,9% жоғары. Бұл туралы мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны жөніндегі ақпаратта айтылды.

Жаңа Салық кодексі биыл қаңтардан бастап күшіне еніп, арнайы салық режімдері оңтайландырылған. Соның ішінде жеңілдетілген декларация негізіндегі режім кәсіпкерлер арасында кең қолданылатын тетіктердің біріне айналды.

Жұмыспен қамту көрсеткіштері де өскен:

  • жалдамалы қызметкерлер саны 14,2% — 445 мыңнан 509 мың адамға дейін артты;

  • еңбекақы қоры 7,2% ұлғайды;

  • жалдамалы жұмыскерлері жоқ бизнес субъектілерінің саны 30,5% азайды;

  • декларацияда 0–5 млн теңге аралығында табыс көрсеткен кәсіпкерлердің үлесі үштен бірге төмендеді.

Бұл — жаңа режім бойынша кәсіпкерлер алғаш рет тапсырған, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған декларациялардың нәтижесі. Декларациялар тамыз айында тапсырылған.

Режімді кімдер қолдана алады?

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейінгі және Салық кодексіндегі талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.

Табысқа салынатын салық мөлшерлемесі — 4%. Бұл мөлшерлемені жергілікті өкілді органдар заңда белгіленген шекте төмендетуге немесе арттыруға құқылы.

Салық және есепті кезең — жарты жыл.

Режімді қолданатын кәсіпкерлер импортталатын тауарларға және бейрезиденттерге байланысты ҚҚС жағдайларын қоспағанда, ҚҚС пен әлеуметтік салық төлеушілері болып саналмайды.

Алғашқы есептілік нәтижелері декларацияланатын табыс пен жұмыспен қамтудың өскенін көрсетіп отыр. Алайда режімнің толық әсерін бағалау үшін кейінгі есепті кезеңдердің нәтижелері қажет.