Yandex Ads деректеріне сәйкес, 2026 жылы қазақ тіліндегі жарнамалық хабарландырулар саны өткен жылмен салыстырғанда 46% көбейген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақ тіліндегі әрекетке шақыратын мәтіндері бар перформанс-жарнама мен бейнежарнама бизнес парақшасына өту көрсеткіші (CTR) бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген.
«Қазақ тіліндегі жарнама көлемінің артуы – пайдаланушылар арасында қазақша контентке деген сұраныстың жоғары екенінің айқын көрінісі. Мысалы, Яндекс Іздеудегі сұраныстардың 27%-ы қазақ тілінде жасалады. Біз үшін бизнестің өз аудиториясымен бір тілде сөйлесе алуы маңызды. Сондықтан хабарландыруларды модерациялау үдерісін қолдап, Yandex Ads арқылы өз сервистерімізде және Яндекстің жарнама желісіне кіретін серіктес ресурстарда қазақ тіліндегі жарнаманы ілгерілету мүмкіндіктерін тұрақты түрде дамытып келеміз», – дейді Yandex Ads-тың Орталық Азиядағы жарнамалық өнімдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Әділбек Қадырбаев.
Сонымен қатар, Yandex Ads жүргізген 2026 жылғы зерттеу нәтижелері Қазақстандағы интернет қолданушыларының 24%-ы қазақ тіліндегі контентті тұрақты түрде тұтынатынын көрсеткен. Ал 18–34 жас аралығындағы аудитория арасында бұл көрсеткіш 33%-ға жетеді.
Қазақ тіліндегі контентті тұтыну үрдісі өңірлерге қарай да ерекшеленеді. Ең жоғары көрсеткіштер елдің батыс және оңтүстік аймақтарында тіркелген. Атап айтқанда, батыс өңірлерде бұл үлес 32%, ал оңтүстік өңірлерде 42%-ды құрайды.