Yandex Ads Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған жаңа құралды – «Жеңіл бастау» сервисін ұсынды. Бұл шешім кәсіпкерлерге арнайы білім мен маркетинг тәжірибесінсіз тиімді онлайн-жарнаманы іске қосуға, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жарнама Yandex іздеу жүйесінде, Yandex Карталарында және Жарнамалық желі платформаларында көрсетіледі. Бұл онлайн да, офлайн да бизнестерге көбірек клиент тартуға жағдай жасайды.
Қызмет бизнес туралы ақпарат негізінде жарнамалық науқанды автоматты түрде құрады және баптайды: тек сайт сілтемесін көрсету жеткілікті немесе егер веб-бет болмаса, қысқа сауалнаманы толтыруға болады. Yandex алгоритмдері жарнамаларды дайындап, науқан параметрлерін орнатады, кәсіпкерді стратегияларды, кілтсөздерді немесе аудитория баптауларын түсінуден босатады. Бұл тәсіл әсіресе цифрлық ілгерілетуді енді ғана меңгере бастаған компаниялар үшін пайдалы.
Одан әрі оңтайландыру да автоматты түрде жүреді: жүйе нәтижелерді талдап, әртүрлі форматтардың тиімділігін салыстырады және бюджетті ең сәтті шешімдерге бағыттайды. Соның арқасында жарнама ықтимал жауап беру деңгейі ең жоғары жерде көрсетіледі, ал кампания көрсеткіштері бизнес тарапынан қосымша күш жұмсамай-ақ біртіндеп жақсара береді.
Кампанияны Yandex Ads жеке кабинетінде веб-нұсқада немесе мобильді қосымшада құрып, қолайлы бюджетті таңдап, жарнаманы бір айға іске қосуға болады — бұл уақыт жүйенің үйреніп, тұрақты нәтиже бере бастауы үшін жеткілікті. Сонымен бірге қысқа мерзімге де, мысалы, апталық бюджетпен баптау мүмкіндігі бар.
«Қазақстандағы шағын бизнес үшін интернетте көрінімді болу маңызды, бірақ жарнамалық кампанияларды өз бетінше баптауға бәрінің бірдей тәжірибесі мен ресурсы жете бермейді. Біз «Жеңіл бастау» сервисін кез келген кәсіпкер өнімдері мен қызметтерін заманауи технологияларды қолдана отырып оңай әрі тиімді ілгерілете алуы үшін жасадық», — дейді Yandex Ads-тың Орталық Азиядағы жетекшісі Мәдина Сейсенғалиева.