WhatsApp цифрлық төлем саласына ден қоймақ, деп хабарлайды Payspace Magazine.

WhatsApp мессенджері қосымша ішінде несие бере бастамақшы. Компания Үндістанның билігінен тиісті лицензия алуға өтінім беріп қойыпты.

Құжатқа сүйенсек, WhatsApp өзінің қолданушылары мен өзге де тұлғаларға мақсатты пайдалануға несие немесе қарыз беретін қызмет қосуды жоспарлап отыр.

Компания әзірге тек Үндістан нарығын ғана көздеп отыр.

Айта кету керек, мессенджердің иесі Facebook компаниясының қаржы қызметімен толық айналысуға құқығы жоқ. Сол үшін аталған қызметті қосу үшін белгілі бір банкпен бірге жұмыс істеу керек болады.

Қазіргі таңда Үндістанда WhatsApp-ті 400 млн-нан астам адам пайдаланады. Елдегі онлайн несие нарығы 2023 жылы 1 трлн долларға жетеді деген болжам бар.