Шетелдік капиталға бәсекелестік артқан қазіргі кезде әрбір капитал иесімен тікелей жұмыс істеу керек, деді Президент.

Жалпы экономикаға тиімділігі мен басымдылығына қарай әрбір инвесторды қолдаудың жекелеген шараларын дайындау керек.

Осы мақсатта Үкімет басым салалардағы стратегиялық инвесторлар үшін барлық инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмыс істеуі тиіс.

Инвестиция тарту мен қор нарығын дамыту үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдалану керек.

Бұл алда келе жатқан мемлекеттік активтерді жекешелендіру қарсаңында тіпті өзекті.

Бизнес дауларды шешу кезінде отандық кәсіпкерлердің ағылшын заңнамасы мен АХҚО Төрелік орталығын пайдалануға мүмкіндік беру керек.

Ұлттық компаниялардың жекелеген құрылымдарын шетелдік юрисдикциялардан АХҚО-ға біртіндеп көшіру қажет.

Өзіміздің компаниялар шетелдік юрисдикцияны таңдайтын болса, біз шетелдік инвесторлардың сенімінен шыға алмаймыз.

Үкімет, СІМ мен шетелдік өкілдіктер АХҚО-ның инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын ілгерілету керек.

Орталық Әкімшілігі 2025 жылға дейінгі жаңа стратегияны дайындап жатыр.

Қазіргі кезде инвесторлардың отандық валюта мен ақша-несие саясатына сенімі үлкен рөл ойнайды.

Сол үшін ұлттық валютаға спекулятивті шабуылдарды азайтуға қол жеткізу керек. Бұл Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агентігінің жұмысы.