Украинаның КҚК-ға шабуылы аясында Қазақстан Қытайға мұнай экспортын арттырды


2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) негізгі өндірістік көрсеткіштерінің өскенін көрсетті.

Есепті кезеңде компанияның магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 9 млн 757 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 149 мың тоннаға немесе 2% артық. Оның ішінде экспортқа 916 мың тонна мұнай тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 277 мың тоннаға немесе 43% көп.

«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы 5 млн 696 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2025 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткіштен 236 мың тоннаға немесе 4,3% артық. Оның ішінде экспортқа 659 мың тонна мұнай тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 178 мың тоннаға немесе 37% өсті.

«Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 319 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12 мың тоннаға артық. Оның ішінде экспортқа 258 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 99 мың тоннаға немесе 63% көп.

Есепті кезеңде ҚҚҚ мұнайының жүк айналымы 8 млрд 840 млн тонна-километрді құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 257 млн тонна-километрге немесе 3% артық.