Үй саудасы төртінші ай қатарынан төмендеп барады

2026 жылғы қыркүйек айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелген. 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда (35 807) мәмілелер саны 1,1% азайды.

2026 жылғы тамызбен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Түркістан (24,8%), Жамбыл (13,3%) және Жетісу (12,1%) облыстарында тіркелді.

Ең үлкен төмендеу Қостанай (-10,2%), Қарағанды (-10,1%) облыстарында және Алматы (-5,7%) қаласында.

2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 14,3% азайды.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекайларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 5,6% төмендеу байқалды.