Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «сол жағалаудағы шенеуніктерге» қатысты айтқан сынынан кейін Самұрық-Қазына қоры 650 адамды жұмыстан шығарады. Бұл туралы Ақордада қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.

«Әкімшілік-басқарушы персоналдың 10%-ын қысқартып жатырмыз. Барлық корпоративтік шешім қабылданды. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істейміз және наурыз айының соңына дейін бұл шешімдер толық іске асады деп ойлаймын», – деді Жақыпов.

Қысқартулар тек Астанадағы әкімшілік-басқарушы персоналға қатысты болады. Шамамен 650 адам жұмысынан айырылады.

«Жалпы, Астанада Самұрық-Қазына қоры қызметкерлерінің саны 6,5 мың адамды құрайды. Демек, біз шамамен 650 адамды қысқартып жатырмыз», – деді ол.