2025 жылғы тамызда Қазақстанда 2,4 млрд данаға жуық темекі өндірілді. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіщтен 25%, ал былтырғы тамызбен салыстырғанда 33% көп. Мұндай деңгей елде соңғы рет 2014 жылдың күзінде тіркелген еді.

Жылдық динамика

Қаңтар–тамыз айларында өндіріс көлемі 14,8 млрд дананы құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33% артық. Сарапшылардың айтуынша, көрсеткіштердің өсуі саладағы жалпы өндірістік белсенділіктің артқанын көрсетеді.

Жаңа зауыттың үлесі

Биыл алғаш рет Алматы облысының Қарасай ауданындағы жаңа өндіріс деректерге енгізілді. Зауыттың ашылғаны сәуірде хабарланғанымен, алғашқы өнім тамыздағы статистикада көрсетілді. Дегенмен мамандардың айтуынша, негізгі өсім тек жаңа кәсіпорынға байланысты емес, себебі көрсеткіш онсыз да жоғары деңгейде болар еді.