TAS GROUP қаржылық компаниялар тобы стратегиялық серіктесімен бірге жаңа қызметті іске қосты. Енді клиенттер ақшаны Halyk Bank картасына түсіріп, комиссиясыз шешіп алу мүмкіндігіне ие.
Жаңа сервис ақшаны алу жылдамдығы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған. Ол клиент үшін үдерісті барынша қарапайым әрі ашық етеді.

Қызмет кімдерге қолжетімді:
- Halyk Bank картасының иелеріне (картаны онлайн ашуға болады);
- iOS және Android негізіндегі смартфон пайдаланушыларына.
Клиенттер үшін негізгі артықшылықтар:
- Ақшаның бірден түсуі — қаражат бірнеше минут ішінде түседі;
- Ақшаны картаға аударған кезде комиссия алынбайды;
- Ақшаны Halyk Bank-тың кез-келген банкоматы мен кассасынан тегін қолма-қол алу;
- Қаражатты алу және пайдалану кезінде ыңғайлылық, жылдамдық және қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы.

«Біз үшін цифрландыру — жай ғана тренд емес, ол қазіргі қаржы әлеміндегі қажеттілік. Жаңа инновациялық сервисті іске қосу — біздің даму стратегиямыздағы қисынды қадам. Біз клиенттердің уақытын үнемдеуге және артық әрекеттерден арылтуға мүмкіндік беретін технологияларға басымдық береміз. Бұл — қаржылық шешімдерді барынша қарапайым, қолжетімді әрі түсінікті ету жолындағы тағы бір маңызды қадам», — деп атап өтті TAS GROUP компаниялар тобының басшысы Дулат Тастекей.

Компания заманауи клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Осы мақсатта қаржы нарығындағы орнын нығайту үшін цифрлық шешімдер мен клиенттік тәжірибені жақсартуға тұрақты түрде күш жұмсап келеді.