TAS Finance Group банкке айналуды жоспарлап отыр. Бұл туралы New Vision 2026 форумында TAS Group компаниясының құрылтайшысы, иесі әрі бас директоры Дулат Тастекей мәлімдеді.
«Қазір реттеуші органмен бастапқы келіссөздер жүріп жатыр. Бұл үдеріс кемінде бір жарым-екі жылға созылады», – деді компания басшысы.
Ол жаңа банктің негізгі бағыты шағын және орта бизнеске қызмет көрсету болатынын атап өтті.
Компанияның ірі қатысушылары – Дулат Тастекей мен Рахат Тастекеев. Олардың әрқайсысына 46%-дан тиесілі. Қалған үлестер жеке тұлғаларға тиесілі.