2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1 591,3 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жолаушы айналымы 74,3 млрд жолаушы-километрді құрап, 8,3% өсті. Көлік тасымалдарынан түскен табыс 1,2 трлн теңге болды.
Жолаушылардың негізгі бөлігі – 98,1% автомобиль және қала ішіндегі тасымалдар (автобустар, троллейбустар, такси және басқа да көлік түрлері) үлесінде. 2025 жылдың 10 айында 1 561,5 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 12,2% артты. Бұл сегменттен түскен табыс 406,3 млрд теңгені құрады.
Такси қызметтерін 10 айда 137,1 млн жолаушы пайдаланды, өткен жылмен салыстырғанда өсім - 2,4 есе.
Теміржол көлігі 16,3 млн жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% аз. Табыс мөлшері 120,3 млрд теңге болды.
Әуе көлігі 13 млн жолаушы тасымалдап, өсім 6,1% құрады. Әуе тасымалдарынан түскен табыс 741,8 млрд теңге болды.