Мұнай бағасы бейбіт келісімнің бұзылуынан кейін АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленістің күшеюіне байланысты күрт қымбаттады.
Астана уақытымен бүгін, 13 шілдеде 10:30-да мұнай бағасы 4,49% қымбаттап, 79,44 долларға жетті.
11 шілдеде АҚШ билігі Иранға жасалған әуе шабуылдарының үшінші толқыны аяқталғанын хабарлап, 300-ден астам нысанның жойылғанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жауып, Таяу Шығыстағы 18 америкалық нысанға шабуыл жасады.