S&P Global Ratings Freedom Банкі болжамын «Позитивті» деңгейіне өзгертті

S&P Global Ratings Freedom Банкі болжамын «Позитивті» деңгейіне өзгертті

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның (Freedom Банкі) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге өзгертті, бұл ретте Банктің рейтингтерін «BB-/B» деңгейінде растады. Сонымен қатар Агенттік банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA-» деңгейінен «kzA» деңгейіне дейін көтерді. Позитивті болжам алдағы 12 ай ішінде Freedom Банкінің рейтингтерін көтеру мүмкіндігін көрсетеді.

Агенттіктің бұл шешімі Қазақстандағы банк реттеуі мен қадағалауының дәйекті түрде жақсаруына негізделген. Құжатта айтылғандай, бұл үрдіс банк секторының жинақталған тұрақты капиталымен және мемлекеттің қаржылық орнықтылық қорымен үйлесе отырып, Қазақстанның банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына ықпал етеді. Осыған байланысты S&P Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекел бағасын «7»-ден «6»-ға дейін көтерді, ал қазіргі уақытта салалық тәуекелдің үрдісі тұрақты деп бағаланады.

Болжамның қайта қаралуына 2026 жылғы 21 тамызда Агенттік жариялаған Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің «BBB/A-2» деңгейіне дейін («Тұрақты» болжамымен) жақында көтерілуі де себеп болды. S&P бағалауынша, елдің орнықты макроэкономикалық перспективалары экономикалық теңгерімсіздік факторларын, атап айтқанда инфляцияның жоғары деңгейін біртіндеп жұмсартуы мүмкін, ал реттеушілік қадағалаудың күшеюі банк секторындағы активтердің сапасын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

Биылғы маусым айында S&P Global Ratings (S&P) агенттігі «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның кредиттік рейтингін «тұрақты» болжамымен «ВВ-» деңгейіне дейін көтергенін естеріңізге сала кетейік. Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzBBB+» деңгейінен «kzА-» деңгейіне дейін көтерілді.