2 ақпанда «МФО ОнлайнКазФинанс» АҚ (Solva) облигацияларын орналастыру басталады. Шығарылым көлемі — 1 млрд теңге, ал айналым мерзімі — 3 жыл.
Бұл — купондық бағалы қағаздар, яғни инвесторларға сыйақы ай сайын төленіп тұрады. Болжамды табыстылық — жылдық 23%. Бір облигацияның номиналды құны — 1 000 теңге, сауда-саттық коды — MFOKb28.
Орналастыру Қазақстан қор биржасында (KASE) өтеді. Бөлшек инвесторлар үшін бұл өте сирек кездесетін тиімді формат: жоғары пайыздық мөлшерлеме мен ай сайынғы тұрақты ақша ағынының бірігуі. Эмитент туралы толық мәлімет (тизер) Alatau City Invest-тің пікірінде берілген.
Айта кетсек, бір жыл бұрын да Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлауынша, Solva микроқаржы ұйымына банкке айналуға рұқсат бермеді.
«OnlineKazFinance» МҚҰ (Solva бренді) бір жылда банк болуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Бұл туралы компанияның 2023 жылға арналған аудиторлық есебінде айтылды.
2025 жылғы желтоқсанда Solva МҚҰ-ның банкке айналу (трансформациялану) туралы өтінімі несие қоржынының сапасына және провизия деңгейіне қатысты сұрақтарға байланысты қабылданбады.